Жүлде қоры 1 млн теңгені құрайтын әлеуметтік роликтің үздік сценарийі үшін «Ниет» байқауы жарияланды
Ақпарат және коммуникациялар министрлігі серіктестермен бірлесіп, әлеуметтік роликтің үздік сценарийі үшін «Ниет» байқауын жариялайды
Бас жүлдеге 1 миллион теңге және роликті белгілі режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен түсіру мүмкіндігі беріледі.
Менімен бірге байқаудың қазылар алқасына «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Қарин, «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Алмагүл Ахметжанова, Қазмедиа медиамектебінің директоры Махаббат Есен және Standard Life акционері Дәурен Күмпейісов қосылып отыр.
Байқауға кез келген адам қатыса алады.
Толық ақпарат арнайы сайтта: http://bestidea.kz/