Жұмақ іздеген адам үш қыз тапқан ананы қадірлесін!
— Жұмақ та, тозақ та ананың табанының астында. Үмбетіңе айт, жұмақ іздесе үш қыз тапқан ананы қадірлесін, — дейді Жебірейіл. Пайғамбар:
— Үш қыз таппаса ше? — деп сұрады.
— Екі қыз тапқан ананы қадірлесін.
— Сонан кейін?
— Бір қыз тапқан ананы қадірлесін.
— Қыз тумаған ана болса ше?
— Онда ұл тапқан ананы сыйласын.
— Баласы жоқ әйелдердің жайы не болады?
— Алла пейіштің шарапатын ерін сыйлаған әйелдің табанының астына жасырды.
— Ерге тимеген қыздың қадірі қаншалықты қымбат?
— Олардың иманы мен әдебі таразыға түседі. Көркем мінезі мен әдемі иба қылығы оларды басқаларға теңестіреді.
— Үмбетіме: «Анаңды, әйеліңді, қызыңды, құрметте, сыйла» деп айтайын. Ал ер-азаматтың құрметі қаншалықты болмақ? – деп сұрады.
— Ер-азаматты сыйламаған Құдайға қарсы келгенмен бірдей. Ұлық Құдай Адам атаны жер бетіне орынбасар етіп жаратқан. Ол – отбасының иесі. Таразы-мизамда да сұрақ алдымен ерден басталады, — деді періште.
Пайғамбар қолын жайып:
— Иә, Жасаған ием! Менің еркек кіндік үмбетімді пасық, жасық, намыссыз, қайратсыз, жігерсіз, жеңілтек, қорқақ болудан сақта. Олар ер-азамат атануға лайық болсын! – деп дұға жасады.
Сияр Шәріп