Жұманқұлов Марат Сейітбекұлы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды
Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұйрығымен Жұманқұлов Марат Сейітбекұлы Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының бас дәрігері болып тағайындалды.
Жұманқұлов Марат Сейтбекұлы, 1966 жылы 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.
1993 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы және 2021 жылы Шымкент университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірген. “Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты бар.
Еңбек жолын 1994 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданы, Талас аудандық емханасының меңгерушісі болып бастаған.
Алматы облысының Іле орталық аудандық ауруханасында қан құю бөлімшесінің меңгерушісі, Алматы облысы Іле орталық аудандық ауруханасында бас терапевт, Жамбыл облысы, Тараз қаласы жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімшесінде терапевт дәрігері,
Жуалы аудандық ауруханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары,
Меркі ауданы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Жамбыл облысы Меркі аудандық ауруханасында бас дәрігер, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бастығы,
2021 жылдан бастап казіргі уақытқа дейін Тараз қаласының ШЖҚ МКК
«№7 Қалалық емханасының» бас дәрігері болып жұмыс істеген.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» марапаттарының иесі.
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы