Жұмыртқадан жасалған мықты дәрі
Мұндай жақпа майды үй жағдайында кез келген адам жасап қоюына болады. Пайдасы өте көп. Оны гайморитке, іріңді жараларға, ангинаға, күйікке қарсы, ойық жараға, тіпті тіс, буын, асқазан ауруларына, фибриома, мастопатия, маститке қарсы да қолдануға болады.
Дайындау тәсілі мынадай: жұмыртқаны пісіріп, сары уызын бөлек ыдысқа алады да, аздап мыжиды. Эмальды ыдысқа екі стакан жоғары сұрыпты, тазартылған өсімдік майын құяды. Сосын оған үлкендігі екі сіріңке қорабындай балауыз салады. Оны балауыз еріп біткенше баяу жанған отқа қояды деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Шыжылдай бастағанда үстіне жұмыртқа уызынан бірнеше шымшымды салады. Сол кезде май көпіре бастайды, ыдысты оттан алып қою керек. Майдың көпіруі басылғасын ыдысты қайтадан отқа қояды да, қалған жұмыртқаны (уызын) алғашқыдағыдай әдіспен майға тастай тұрып, оның түсі қоңыр-қышқылға айналғанша араластыра береді. Сосын ыдысты оттан алып, сұйықтықты 15-20 минут суытады да, капрон мата арқылы сүзеді. Сүзіп алынған дәрмекті суытып, аузы жабылатын шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қояды. Ол 10 ай бойы тиіс.
Міне, осындай жолмен әзірленген жақпа майды түрлі дерттерге қарсы төменде көрсетілгендей тәсілдермен қолданады:
Гайморитке ем
Егер де бұл майды тамызу тәсілімен қолдану қажет болса, оны алдымен 40 градус ыстық «су моншасында» ерітіп алу керек. Гайморит кезінде осындай ерітілген майды пипеткамен алып, мұрынға тамызады. Арасына 1 сағат салып, екі мәрте тамызса, жетіп жатыр. Ол гаймор қуыстарына нығыздалған жалқық пен іріңді тесіп, сыртқа тартады.
Бұлықты да тартады
Ортаңғы құлақ қабынғанда (отит), құлаққа бұлық қатқанда аз ғана мақтаны әбден шиыршықтап, құлаққа қояды. Сосын құлақ сыртын майлайды. Мақтаны қажетіне қарай алмастырып тұру керек. Ол қабынуды басады, іріңді сорады.
Ангинадан арылтады
Тамақ ауырып, ісінгенде, іріңді ангина кезінде оны маймен майлап, мойын аумағына компресс жасау керек. Кешке қарай, әр сағат сайын жасаса, іріңді ісік жарылады.
Шиқаннан, теріскеннен құтқарады
Теріге – шиқан, көзге теріскен шыққанда бронхит, асқазан, ішек ауыруы кезінде күніне 3 мәрте (ас алдында) жарты шай қасық май ішіп тұру керек.
Тіс пен буынға да шипалы
Тіс, буын қақсап ауырғанда, домбғып-ісінгенде, күйікке, түрлі жарақаттарға қарсы да қолдануға болады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Майды проблемалы аймаққа ұйқыға жатар алдында жағып, қажет болса, сыртынан орап қойған дұрыс. Мазалаған жайдан көп ұзамай арылатыныңыз анық.
Әйелдерге жәрдемі бар
10 айға дейінгіфибриома, жұмыртқа бзі өскіні (киста), мастопатия, маститке қарсы қолданады, ұрық жолдарының қабынуы кезінде одан тампон жасап, қынапқа қою керек. Таңертең және кешкісін алмастырылады. Ал кеудеге майға шыланған сулықты қойып, үстіне компреске арналған қағаз немесе целлофан қояды. Оны әр 2 сағат сайын алмастырып тұру керек.
Гангренаға қарсы
Трофикалық жара, гангрена кезінде жара үстіне майға шыланған сулық қояды, оны 2 сағаттан кейін алмастырады. Ол бүкіл іріңді сорып алады.
…Ескерту: Майды ұйқыға жатарда жағу керек. Ал компресс жасағанда үстіне ораған дұрыс. Майға қажетті қажетті балауыздың табиғи, аранікі болуы шарт. Майды дене сыртына қолдану қажет болса, жақпа даярлауға кез келген өсімдік майы жарайды. Ал жақпа іште қолданылатын болса, оған зәйтүн майын пайдаланған дұрыс.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)