Жұмыс істемейтін шахтадан алтынды заңсыз өндірген Бестөбе тұрғыны ұсталды

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақмола облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Бестөбе кентінің аумағында жергілікті тұрғынның ауласынан шахтаның төменгі қабатына кіруге арналған орынды анықтады деп хабарлады turkystan.kz.

Жұрт «құбыр» деп атайтын құпия жерді ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында бетон плитамен және қолда бар материалдармен жасырған.

Жер қойнауын өз бетінше пайдалану және құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру фактілерін болдырмау, ең бастысы, заңсыз кен іздеушілермен шахталардың төменгі қабатына түсу кезінде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бұл жолды жою туралы шешім қабылданды.

turkystan.kz.