Жұмыс кеңесі

ПЕРСОНАЛДЫ БАСҚАРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ «АДАМ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫС КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтерінің басшыларымен «Адам ресурстарын дамыту» орталығында жұмыс кеңесі өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптары кеңінен түсіндірілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес икемді жұмыс кестесін және қашықтықтан жұмыс жасау мүмкіндіктерін қолдану бойынша түсіндірмелер берілді.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы түсіндіріліп, мемлекеттік қызметшілердің жай-күйі туралы мониторингі бойынша кемшіліктер мен бұзушылықтардың алдын алу, «Е-қызмет» ЫАЖ-дағы жеке істерді толыққанды жүргізу мәселелері талқыланды.

Жиынға қатысушылармен ой-пікір алмаса отырып, қойылған сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті