ЖҰМЫС МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАСА, МЕРДІГЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Бүгін ауданымызға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аяшев келіп, каналдардың құрылысымен танысты.
“Ирригациялық-дренаждық жүйелерді жетілдіру”жобасымен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мердігерге бірқатар ескертулер жасалды. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ағын суға қатысты мұң-мұқтажы, проблемалық мәселелері талқыланды.
Осы ретте министрлік өкіліне тапсырыс беруші ретінде каналдардың құрылысын қатаң қадағалау керектігін жеткіздім.
Өз кезегінде М.Темірбекұлы мердігер жұмысты уәделі мерзімде орындамаса, Су ресурстары комитеті тарапынан айыппұл салынып, қатаң шаралар қолданылатынын айтты.
Түптеп келгенде бұл халықтың әл-ауқатына ықпалы айтарлықтай маңызды гидрологиялық нысан болып табылады. Сол себепті жергілікті әкімдік те жұмыстың жүйелі түрде жүруін бақылауда ұстайтын болады.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі