Жұмыс өнімділігі артып келеді

“ШУ-МОЙЫНТЫ” ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНЕ — 70 ЖЫЛ
20 қазан ауданымыздан бөлек, ел тарихындағы елеулі күн. Оны болат жолдың бойында шындалған ардагерлер мен сала қызметкерлері жақсы түсінеді. Себебі “Шу –Мойынты” желісінің іске қосылғанына биыл тура 70 жыл толып отыр.
Осыған орай, күні кешеаудан әкімі Бақытжан Жәнібеков Шу қаласындағы Тұрар Рысқұлов ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, аудан орталығындағы мәдениет үйінде алыс-жақыннан келген қонақтардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Шара барысында тұтас ғұмырын шойын жолға арнаған ардагерлеріміз бен сала мамандарына “Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісін тапсырып, ел экономикасына қосқан үлестері үшін алғысымызды білдірді.
Теміржол — ел экономикасының күре тамыры. Мемлекеттің дамуына тікелей әсер ететін маңызды сала. Әрі машақаты мол жұмыс. Сондықтан сала мамандарына құрмет көрсетіп, ақадал еңбектеріне алғыс айту баршамыздың борышымыз. Кешегі Тұрар Рысқұлов пен Мұхаметжан Тынышпаев сынды Алаш ардақтыларының табан ізі мен маңдай тері қалған Шу өлкесінде атаулы күнді атап өту біз үшін зор мәртебе. Әрі теміржолшылар қаласының даңқын асқақтатары сөзсіз. Өздеріңіз жақсы білетіндей, Мемлекет басшысының өзі де көліктік логистикаға ерекше көңіл бөліп, халықаралық жиындарда бастама көтеріп жүр. Мұның барлығы халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қадам болып табылады.
Ардақты ағайын!
Құрметті теміржолшылар!
Сіздерді 70 жылдық төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, жұмыстарыңызға жеміс тілеймін! Елден арқалаған алғыстарыңыз көп болсын! Ел экономикасына қосқан үлестеріңіз еселене бергей!