ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖАРИЯЛАНУДА

Ұлттық жобалар аясында электронды еңбек биржасында (ЭЕБ) облыс бойынша 2023 жылы 452 жоба іске асырылады, оларда 4229 жұмыс орындары ашылуы тиіс. Бүгінгі күнге электронды еңбек биржаға 64 жоба енгізіліп, 782 жұмыс орны жарияланды. Жарияланған бос жұмыс орындарына 681 адам (с.і. ЭЕБ арқылы – 641 адам және жұмыспен қамту орталықтары арқылы – 40 адам) жұмысқа орналастырылған. Электрондық еңбек биржасында жұмыс орындарын құру мәселесі тұрақты бақылауға алынып, жалғасатын болады.

Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы