Жұмыспен қамту – мемлекетті дамыту
Жамбыл облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Әрбір 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» мақсатында 21045 жұмыс орын құрылды.
2023 жылы Ұлттық жоба аясында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 66 202 адам тартылып, көрсеткіш 122,2 пайызға орындалған.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бос жұмыс орындарына — 36 018, алғашқы жұмыс орындарына — 574, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1072 азамат, жастар практикасымен 3 047 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 10 256 жұмыссыз тартылған. Бұдан бөлек, «Күміс жас» жобасына 800, Ұрпақтар келісімшартына 29, жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес, оқыту курстарына 973, жұмыс берушінің жұмыс орнында оқыту курстарына 432 адам, онлайн оқытуға 2682 адам «Бастау бизнес курстарына» – 9274 адам жолданып, 1 045 адам мемлекеттік грант алған.
Жұмысқа орналастырудың жылдық жоспары 45 253 адам болса, есепті кезеңге 51 796 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 114,5 пайызға орындалған. Соның ішінде тұрақты жұмысқа 36 018 адам жолданып, көрсеткіш 113,5 пайызға жеткен.
2024 жылы жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60 622 азамат тартылады деп жоспарлануда, оның 31 746-ы тұрақты жұмыс орындары.
Жамбыл облысы әкімдігі