ЖҰМЫСТАР ҮЗДІКСІЗ АТҚАРЫЛЫП ЖАТЫР

🔹Мәселесіз ауыл жоқ. Қай елді мекенге бармаңыз, өзіне жараса проблемалары бар.

🔹Міне, сол проблемаларды халықпен диалог орнату арқылы шешкісі келген Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков тұрғындармен кездесу өткізуде.

🔹Кезекті жиын Ақкөл, Тамды, Көктал ауылдарында жалғасты.

🔹Аталған ауылдарда тұрғындарымен жүздесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

🔹Өз кезегінде ауылдың тұрғындары аудан әкіміне көкейде жүрген сауалдарын жеткізді.

🔹Соның ішінде білім саласына қатысты да мәселелер ортаға салынды.

🔹Елімізде қазіргі уақытта білім са­ласын дамыту бірінші кезекке қойылды.

🔹Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та білім саласына жаңа көзқарас, жаңаша бағыт беріп, оқыту мазмұнын өзгерту, жаңарту уақыты келгендігін әрдайым айтып жүр.

🔹Сол талап үдесінен шығуға аудандағы әр білім ошақтарының дайын бо­луы керек. Осы мақсатта жұмыстар үздіксіз атқарылып жатыр.

🔹Басшылық білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөліп, білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелер дер кезінде шешімін табуда.

🔹Білім саласын өркендету мақсатында Талас ауданының білім саласындағы кейбір мәселелерге көп көңіл бөлінуде.

🔹Міне, осындай көңіл бөлу бүгінгі аудан әкімінің ауылдықтармен кездесуінде де айқын көрініс тапты.

🔹Атап айтар болсақ: Ақкөл ауылында Ақкөл орта мектебінің күрделі жөндеуден өтуіне ықпал етуді сұраса, Тамды ауылында Қ.Қойгелді орта мектебі спорт залының сүріліп қайта жаңа спорт зал салу мәселелерін көтерді.

🔹Аудан басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.

🔹Алдағы уақытта біз де осы айтылған сұраныстар бойынша жұмысты барынша атқаратын боламыз.

 

Мақсат Қазанғапов, Талас аудандық білім бөлімінің басшысы