Жұмысты күшейту қажет
Аудан әкімі төрағалық етіп, орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл әкімдерінің басын құрайтын аппараттық кеңес 24 шілдеде өтті. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, ұйымдастыру жұмыстары мен мекемелермен жұмыс жүргізу бойынша атқарылып жатқан сан-салалы қызметтер турасында кеңінен талқыға түскен келелі жиында аудан басшысы Бегзат Болатбеков жағымды жаңалықтан бастады. Жақында республикалық «Үздік ауыл әкімі» байқауы өткен болатын. Сол байқауда топ жарып, үздік атанған Қарасай батыр ауылдық округінің әкімі Күлжахан Елемесованы аудан әкімі құттықтап, жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар жаңадан тағайыналған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Данияр Ебелекбаев таныстырылды.
Кеңес барысында бірінші болып сөз алған аудан әкімінің орынбасары Бахыт Сахатов баяндама жасады. Ол 2022 жылдың желтоқсан айынан бері аудан әкімі тарапынан құрылыс, тұрғын үй, қаржы және экономика саласына берілген тапсырмаларды орындау барысы туралы айтып өтті. Олардың ішінде орындау мерзімі жетіп, бүгінгі күнге дейін тиісті деңгейде атқарылмай отырған тапсырмаларға баяндамашы жекелей тоқтады.
Олардың қатарында «Асар» жобасының толықтай атқарылмауы, округтерде қатты қалдықтар полигоны құрысының кешігуі, оларға жер телімінің құжаттарын рәсімдеуді уақытылы орындамау, шұңқырларды қоршау жұмыстарының кейбір ауылдарда атқарылмауы, инвесторлар тарту жүргізбеу,
құрылысын жүргізуге жер учаскелерін анықтамау сынды мәселелер көтерілді.
Бақыт Оңласынұлы орындаушылық тәртіп мәселесіне немқұрайлық танытып отырған жауапты тұлғалар бойынша ұсынысын да айтты.
Осы орайда аудан әкімі жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығында байланыс жүйесіне, Масаншы ауылдық округі әкімдігіне мектепті баланасқа алу, мемлекеттік акт жасау бойныша бірқар сын-ескертпелерін айтып, тапсырмалар жүктеді.
-Байқап отырсам, біздегі бір салада оң динамика жоқ.
Иә, барлығы қаржыға тіреледі. Бірақ, соны уақытысында айту керек, жеткізу керек.
Қордай ауданының әкімдігі