Жүрегі жомарт жан

15 наурыз — Қайырымдылық күні

Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен тату көршілікті насихаттауға арналған. Жалпы, игі істер дәстүрін тарату қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Дәстүрлі құндылық ретінде қайырымдылықтың орны біздің қоғамда аса маңызды. Миллиондаған қазақстандықтар атсалысып жүрген қайырымдылық іс-шаралары осыны көрсетеді.

Қай заманда болсын, елдің әл-ауқаты мен тұрмысын жақсарту үшін атымтай жомарт адамдардың өмір сүргені белгілі.
Мұндай қайырымды жандар қазіргі уақытта да аз емес.

— Талас өңірінде де осындай игі бастамаларға барынша қолдау көрсетіп, қолда барын көпшілікпен бөлісіп келе жатқан азаматтар баршылық.

Қоғамда қайырымды жандарға құрмет те бөлек. Қайырымдылықтың үлкен кішісі болмайды. Бастысы ниетте. Қашанда көмек сұрағанда, немесе қорға қажеттіліктер туындаған сәтте бірінші болып қол созатын азаматтардың бірі-Талас аудандық білім бөлімінің басшысы Мақсат Қазанғапов. Бүгінгі қайырымдылық күнінде елге қайырымдылық жасаудан жалықпайтын, кішіпейіл, ізетті, көреген жанға марапат жасап, кейбір басшыларға осындай ақкөңіл, қарапайым, жаны жомарт жандар өнеге болса,- дейді Қаратау қайырымдылық қорының президенті Р.Құлыншақов.
Осы орайда біз де жасаған жақсылығын жария етпей, Мақсаттай мақсатына берік, жаратқаннан ризашылық алуға құштар жанның жақсылығы баршаға жамағатқа үлгі болсын деген ниетте жария етуді жөн санадық.

Талас ауданы