Жүрек ауруының емі

Таңғы намаз жүрек ауруларының алдын алады

        Күнделікті таңғы намаз жүрек ауруының алдын алып, артериосклероздан сақтайды. Бұл тұжырымдаманы Иордания кардиологтарының Ассоциациясы жасады.

Иордания дәрігерлерінің айтуы бойынша, жүрек қан тамырлары ауруларының басты себебі тым ұзақ ұйқы (8 сағаттан артық) болып табылады. Ұйқы кезінде адам жүрегі минутына 50 соғысқа дейін азаятын көрінеді (қалыпты жағдайда минутына 60-70 соғады), ал жүрек соғысының баяулауы өз кезегінде қан айналымды қиындатып, қан тамырлардың бітелуіне, жүрек бұлшықетінің әлсіреуіне әкеп соғады. Нәтижесінде инсульт пен инфаркт пайда болады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ұйқы уақытының аралығында үзіліс жасап тұрған жөн. Төрт сағаттық ұйқыдан соң тым болмаса 15 минутқа оянып, қандай да бір қозғалыстар жасаған дұрыс. Ал оны қамтамасыз ететін – таңғы намаз.

Жалпы, намаз – біздің құлшылығымыз, әрі денсаулығымызға тигізер пайдасы да орасан зор. Ең бастысы – парызымыз, Жаратушымызға жақындастыра түсетін амал екенін ұмытпағанымыз жөн.