Журналист болғым келеді

Журналистика-қоғам келбеті, әлем айнасы. Бұл мамандық көнеден келе жатқан салалардың бірі болып келеді. Антика дәуірінде ежелгі Римде Грекияда жаңалықтарды жариялау үшін арнайы жазбаша құжаттар мен афишалар қолданылса, қазіргі заманымызда цифрлық технология мен журналистика ұштастырылады. Қазіргі журналистика цифрлық технологияның пайда болуы мен айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Журналистердің рөлі кеңейіп,күрделене түсті.Ақпарат ағыны мен 24 сағаттық жаңалықтар цикліне ілесіп қана қоймай, журналисттер ақпаратты тауып, тексеріп, әлеуметтік желілерден бастап подкастарға дейін жаңа форматтар мен платформаларға бейімделуі қажет. Бұл процесс кәсіптің өзіне де,оның іс жүзінде жүзеге асуына да әсер етті.

 

Эволюция және технология

Журналистика әлемінде соңғы онжылдықта түбегейлі өзгерткен цифрлық технологияның қарқынды дамуын көріп отырмыз. Әлеуметтік желіде берілетін мүмкіндіктер журналист мамандарының жұмысын әлде қайда жеңілдетіп қана қоймай, жаңалықтарды енді уақыт режимінде алуға болады, бұл жылдамдық пен дәлдікке жаңа талаптар қояды. Қазіргі журналистер өз саласында сауатты ғана емес, цифрлық құралдар мен технологиялар саласында да хабардар болуы керек. Жалпы журналист ақпарат пен қоғам арасындағы алтын көпір.

 

Журналист мамандығына әлеуметтік желілердің әсері

Әлеуметтік медиа жаңалықтарды тарату және тұтыну тәсілдерін өзгертті. Бұл журналистер үшін мүмкіндіктер де, қиындықтар да тудырады. Бір жағынан әлеуметтік медиа ақпаратты жылдам таратуға және аудитория мен тікелей әрекеттесуге арналған алаңдарды қамтамасыз етеді. Екіншіден, бұл жалған ақпарат тарату қаупін тудырады және журналисттер тарапына қысымды күшейтеді.

 

Журналистиканың болашағы және оның дамуындағы әйелдердің рөлі.

Журналистиканың болашағы өзгерістерге, жаңашылдыққа бейімделетіні айқындалмақ. Бұл процессте жаңа идеялар мен жұмыс тәсілдерін ұсынатын әйелдер маңызды рөл атқарады. Олар мазмұнды құруға, жаңа форматтарды әзірлеуге және жаңа тақырыптарды зерттеуге белсенді қатысады. Олардың қосқан үлестері мойындалып, қолдау көрсетіліп, кәсіби өсу мен даму мүмкіндіктері қамтамасыз етілгені маңызды.

Осылайша, қазіргі әлемдегі журналист әйелдердің рөлі көп қырлы және күрделі. Олар көптеген қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бірақ, сонымен қатар медиа  әлемінің өзгеруі үшін айтарлықтай мүмкіндіктерге ие.

 

Қортындылай келе қазіргі әлемдегі журналистика – кәсіби мамандардан жоғары икемділікті, дәлдік пен жауапкершілікті талап ететін қарқынды дамып келе жатқан сала. Бұл өзгерістер қиындықтар мен мүмкіндіктерді тудырады және журналистика аудитория үшін сапалы және сәйкес ақпарат алуға көмектеседі. А.Байтұрсынұлы айтпақшы, “Халықтың көзі, құлағы һәм тілі” демекші ақпарат пен қоғамды ұштастырып отырған журналистерге алғысымыз шекіз! Осыларды ойлаймын да, тәуекелге бел байлап менде журналист болғым келеді.

 

Нұрқасым Сымбат

Алматы қаласы, Әди Шәріпов атындағы 16 мектеп гимназиясы 11 сынып оқушысы