Журналистер клубындағы маңызды кездесу
Достық үйінде Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-і ұйымдастыруымен Атырау облысы ҚХА жанынан құралған этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар Клуб мүшелерінің биылғы жылғы алғашқы отырысы өтті.
Отырысқа Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Г.Шәкірова, облыстық қоғамдық-саяси басылымдардағы «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары, аға-буын ардагер тілшілер, журналистер Клубының төрағасы мен мүшелері, барлығы 15 адам қатысты.
Модератор Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Секретариатының меңгерушісі Гүлмира Шәкірова іс шараны ашып, мемлекеттік саясатты насихаттау барысында бұқаралық ақпарат құралдардың рөлі маңызы зор екендігін және ақпаратты беру және тарату әдістерін сапалы түрде жұмыс болу үшін, этникалық БАҚ-тың форматын өзгерту қажет деді.
Сондай-ақ, отырыстың жүргізу тәртібі бойынша қатысушылар алқасына сөз беріліп, әрбір қатысушы өз пікірлерімен алмасты.
Күн тәртібінде екі мәселе талқыланды.
— Атырау облысы ҚХА жанынан құралған этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылар Клуб мүшелерінің құрамына өзгерістер енгізіп, жаңа құрамын бекіту;
— Журналистер Клубының 2018 жылға арналған жоспар жобасымен таныстыру, талқылау.
Отырыстың соңында модератор Г.Шәкірова осы реттегі этносаралық тақырыптарда өткізілген шараның қортындысын айтып, журналистер өздерінің шығармашылық ізденістерімен ақпараттандырса деген пікірін білдірді.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі