«ЖҰРЫНДЫ САЙ» БАЛАЛАР ЛАГЕРІНІҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
«Жұрынды сай» балалар лагерінің екінші кезеңі өз жұмысын бастады.
Салтанатты ашылу рәсіміне Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков қатысып, ізгі тілегін арнап, өз құттықтауын білдірді.
Аудан басшысы өз сөзінде елдің ертеңгі тұтқасы – бүгінгі жасөспірімдер екенін, балаларға барынша жан-жақты көңіл бөліп қолдау, жағдай жасау – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
«Жұрынды сай» балалар лагерінде балалардың демалысы үшін барлық жағдай жасалынған. Сондай-ақ, орталық аумағында балалардың серуендеп, тыныс алуына арналған шағын тоғай бар.
_______________________
#talasakimdig