Жүйелі талдау қоғам дамуына негіз болады  

«Нұр Отан» партиясы өз саясатын іске асыруда, шешімдерін әзірлеуде және стратегиялық міндеттерін айқындағанда талдаулар мен ғылыми негізделген ұсынымдарға сүйенетінің бүгінгі съезд жұмысы барысында тағы бір рет көз жеткіздік. Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XVIII съезі «Нұр Отан» партиясын жаңғырту — уақыт талабы» тақырыбын басшылыққа алып отыр.

 

«Нұр Отан» партиясы бұл салада барлық мүшелерін жұмылдыра отырып, Мемлекет басшысының көптеген институционалдық реформа жобаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға белсене қатысуда. Бұл орайда реформаларды табысты жүзеге асыру факторларының бірі — нормативтік-құқықтық және заңнамалық базаны жетілдіру болып отыр. Бес институционалдық реформаның әрқайсысы бойынша «Нұр Отан» бірқатар заңнамалық актілердің қабылдануы туралы бастама көтерді. Осылайша, партия «Баршаға арналған заманауи мемлекет» бірінші реформаны жүзеге асыру аясында мемлекеттік және өкілетті органдардың қызметіне жастардың қатысуын кеңейтуді, мемлекеттік қызметшілердің табысы мен мүлкін декларациялау мәселелерін реттеуді көздейтін заңнамалық ұсыныстар әзірледі. «Тұрақты экономика» бағытында «Нұр Отан» бизнестегі мемлекеттің қатысуын заң жүзінде қысқартумен қамтамасыз ететін жаңа іскерлік кодексті қабылдау бастамасын көтерді. Қоғамдағы жағдайды жүйелі және жан-жақты талдаусыз, мемлекеттік бағдарламаларды мониторингілеу мен бағалаусыз және қоғамдық қолдаусыз реформаларды табысты жүзеге асырудың мүмкін еместігін жеткізді. Сондықтан, «Нұр Отан» өз дамуының жаңа кезеңіне еніп, өз жұмысында сараптауға басымдық береді. Бүгінде шешімдерді әзірлеуде, партия саясатын өңірлерде іске асыруда және стратегиялық міндеттерді айқындағанда партия өзінің талдамалық құрылымдарының байсалды талдауына және ғылыми негізделген ұсынымдарына сүйенеді. Өңірлер мен тұтас елдегі жағдайды жан-жақты және жүйелі түрде талдау «Нұр Отанға» жаңа даму тенденцияларын қалыптастыруға және өзекті проблемалардың ұтымды шешімдерін ұсынуға мүмкіндік береді.

Гауһар БЕКБЕРГЕНОВА, Түркістан жоғары аграрлық колледжінің директоры.