ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық сотының мәжіліс залында Тараз қаласы және аудандық сот қызметкерлерінің қатысуымен «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік байқауы өтті.
Байқауда Жамбыл облысы соттарының жас судьялары мен сот қызметкерлерінен құралған 13 үміткер «Туған өлкем — тарихым», «Билердің сөзі – ақылдың көзі» және «Рухани жаңғыру» атты үш кезең бойынша сынға түсті. Олар туған өлкенің негізгі құндылықтары мен тұрмысын ашуға арналған слайдтар, бейне-роликтер, рефераттар мен сахналанған көріністерін ұсынып, қазақтың ұлы билері мен ақындарының нақыл сөздерінен мысалдар келтірді. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына деген көзқарастарымен бөлісіп, берілген сұрақтарға да ұтымды жауап берді.Әділқазылар алқасының төрағасы, Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, мүшелері, облыстық соттың судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов, отставкадағы судья Асылхан Дармұрзаев, соттар әкімшісінің басшысы Берік Құлтасов және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі Ермекбай Серікбаевтардың ұйғаруымен Мойынқұм аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы Әсел Үмбетқұлова I-орынды жеңіп алып, байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алды. II – орынды Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот приставы Бағлан Қамбатыров, III-орынды Тараз қаласы №2 сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы Әлия Арзымбетова иеленді. Байқау жеңімпазадарына байқауды ұйымдастырушылар тарапынан Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Біз өз ауданымыздан осындай айтулы байқауға қатысып, I-орынды жеңіп алған Әселді жеңісімен құттықтаймыз. Енді оның республикалық байқаудан да жүлдемен оралуын тілейміз. Жолың болсын, Әсел!

Saule Meshitbaeva  фб парақшасынан