Жүректерге шуақ сыйлаған кездесу
Жылыой аудандық Орталық ауруханасында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Атырау облысы әкімі аппаратының » Қоғамдық келісім » КММ-ның ұйымдастыруымен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының Атырау облысы бойынша жеңімпазы Ерлан Күмісқалиевтің тұрғындармен кездесуі өтті.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов жүргізді. Алғашқы болып Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ККМ-ң басшысы Жаннат Досқалиева сөйледі. Ол Ерлан Күмісқалиевтың «Атырау-маленькая страна» қоғамдық бірлестігі атқарып отырған жұмыстар туралы әңгімеледі. Бірлестік «ерекше балаларға» зор көмек көрсетіп, 300-дей баланың емделіп, көбінің аяғына тұрып кетуіне септігі тигіген болатын. Емнің ерекшелігі сол, балаларды емдеу «лабрадор» тұқымдас иттер көмегімен жүргізіледі. Мұны медициналық ғылыми тілмен канистерапия деп атайды.
Өз кезеңінде Ерлан Күмісқалиев тұрғындар сұрағына жауап берді, бірлестік жұмыстары, алдағы мақсаты жайында айтты.
Кездесу, «сау ұрпақ — ел болашағы» деген өрелі ойлармен аяқталды.
Атырау облысы әкімі аппаратының
» Қоғамдық келісім » КММ-нің
Баспасөз қызметі