Жыл басынан бері 1851 азамат белсенді шаралармен қамтылды
2023 жылдың 1 шілдесіне тиісті уәкілетті органда 1170 азамат жұмыссыз ретінде есепте тұр.
Жыл басынан бері 1851 азамат белсенді шаралармен қамтылды. Оның ішінде, 604 адам тұрақты жұмыспен қамтылса, әлеуметтік жұмыс орындарына 76 адам жолданды. Жастар практикасын ұйымдастыру бойынша 55 жас маман мекеме, кәсіпорындарға жұмысқа жіберілсе, қоғамдық жұмысты ұйымдастыру бойынша 644 адам жұмысқа тартылған.
274 азамат «Бастау бизнес» оқу курсына жолдама алды.
Кәсіпкерлікті дамыту аясында қайтарымсыз грант қаражаты 43 адамға берілсе, 2023-2025 жылдарға арналған жастарға берілетін 2,5% жеңілдетілген микрокредит аудан бойынша 14 жастарға беру жоспарланып, бүгінде 8 азамат несие алды.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусым айларында атаулы әлеуметтік көмек (АСП) 293 отбасына тағайындалды.