Жыл басынан бері 3942 неке қиылған
Қазіргі таңда ел мүддесі мен құқықтарын қорғайтын бірден-бір қызмет нысаны ол – әділет органдары болып табылады. Қазіргі таңда демократиялық мемлекеттің негізгі мәселелерінің бірі адам құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасының әдiлет органдары өз құзыретi шегiнде мемлекеттiң қызметiн құқықтық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режимiне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ететiн атқарушы билiк органдары болып табылады.
Әдiлет органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, Әділет органдары туралы заңы мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды. Әділет органдарының негізгі функцияларының бірі
– нормативтік-әдіснамалық қамтамасыз ету, азаматтық хал актілерін тіркеуді бақылау және тиісті дерекқордың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылдың өткен мерзімінде облыс бойынша 3942 неке қиылып, 539 неке қиюды бұзу тіркелген. Сонымен бірге, 16 186 туу туралы акті тіркеліп, 4 662 қайтыс болуды тіркеу жүзеге асырылған. Сондай-ақ азаматтар тарапынан тегін, атын, әкесінің атын өзгерту мемлекеттік тіркеуіне жүгінуде. Аталған көрсеткіш есепті кезеңде – 290 құраған. Бүгінгі күнге, жалпы облыс бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу саны – 25 619 құрады.
2022 жылдың өткен мерзімінде облыс бойынша Әділет департаменті мен Қазақстан Республикасы әділет органдарынан және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустерден шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметі бойынша 4 289 құжатқа апостиль таңбасы қойылды. Әділет органдарының қызметкерлері, Отанымыздың гүлденуі мен әл-ауқатын көтеру үшін, ел игілігі мен халқымыздың мүддесі үшін жауапты қызметін жалғастыра береді.
Ғани Ағ айдаров,
тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы.