Жыл ішіндегі жұмыс жан жадыратады

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласына іргелес жатқан Жамбыл ауданы қай кезде де өзінің өндірістегі өрістеуімен танылған өлке. Мұнда бүгінде мемлекет тарапынан  жанданған түрлі бағдарламалар бағдарын тауып, қара халықтың қамы үшін бағытталуда. Сондай-ақ әлеуметтің әлеуетін көтеруге тыңнан түрен түрткен жобалар да жетерлік.

    Атап айтсақ, 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 9 миллиард  249,7 миллион  теңгені немесе нақты көлем индексі 102,7 пайызды құраған. Егін шаруашылығы бойынша 1 миллиард  987,4 миллион  теңгені құрап, нақты көлем индексі 96,6 пайызды межелеген.

Мал шаруашылығы бойынша 7 миллиард  251,0 миллион  теңгені құрап, нақты көлем индексі 104,4 пайызды діттеген.

Ағымдағы жылы  өнеркәсіп өнімінің көлемі 11 миллиард               134,5  миллион  теңгені немесе нақты көлем индексі 100,3 пайыз болып отыр.

2019 жылы  негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 17 миллиард  879,4 теңгені немесе нақты көлем индексі 107,3 пайызды құрауда.

Биыл құрылыс жұмыстарының көлемі 3 миллиард  217,5 миллион  теңгені немесе нақты көлем индексі 146,6 пайызды межелеген. Сондай-ақ  пайдалануға берілетін жеке меншік тұрғын үй көлемі 37 719 шаршы метрді немесе 120,6 пайызға жетіп отыр.

Бөлшек сауда айналымына келсек,                     3 миллиард  883,7 миллион  теңгені немесе нақты көлем индексі 123,1 пайызды құрауда.

Аудан бойынша салықтық түсімдердің орындалуы 104,5 пайызды  діттеп,   131,9 миллион  теңгеге  артық түскен.  (Жоспар 2 958,5 млн. теңге; нақты 3 090,4 млн. теңге). Оның ішінде аудандық бюджет 67,9 миллион  теңгеге немесе  104,4 пайызға орындалған. (жоспар 1 549,7 млн. теңге; нақты 1 617,7 млн. теңге)

2019 жылы  кешенді жоспар бойынша 1 474 адам жұмыспен қамтылды (жоспар – 2 763 адам). Жоспар 53,3 пайызға орындалды. Оның ішінде        257 адам қысқа мерзімдік кәсіптік оқытуға, 123 адам кәсіпкерлік негіздерін оқытуға жолданды және 45 адамға шағын несие берілді, 460 адам тұрақты жұмысқа, 108 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 216 адам жастар тәжірибесі бойынша, 265 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылған.

Сонымен қатар,  жұмыспен қамту бөліміне 1 564 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 1 049-ы қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 67,0 пайызды құрап отыр.

Аудандағы мектепке дейінгі білім беретін 22 балабақшада (2 698 бала) және 20 мектеп базасындағы шағын орталықтарда (1075 бала) барлығы                               3773 бүлдіршіндер тәрбиеленуде. Ауданда 1 мен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 86,7 пайызды (облыстық көрсеткіш 84,0%) құрады. 3 пен 6 жас аралығындағы тәрбиемен қамту көрсеткіші – 99,1 пайызды (облыстық көрсеткіш 98%) межелеп отыр.

Міне, осылайша Жамбыл ауданының көрсеткіші көңіл көншітуде. Бұл сөз жоқ көпке үлгі боларлық.

 

Дедек Төлен

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.