Жылдамдығы төмен интернет денсаулыққа әсер етеді
Жылдамдығы баяу ғаламтор ешкімге ұнамайтыны белгілі. Әсіресе, видеоны жүктеу кезінде көп уақыт алатын болса, шыдамыңызды сарқып бітеді.
Швед ғалымдары жылдамдығы баяу интернеттің адамға тигізер әсерін дәлелдеген. Видеоны жүктеп отырған кезде интернет баяу жұмыс жасаса, адам қорқынышты фильм көргендей күйзеледі екен.
Зерттеуге қатысқан адам жылдамдығы баяу интернетпен ұялы телефон арқылы видео қарап отырады. Жылдам жүктелмегені үшін шыдамсызданған адамды энцефалограммаға және кардиограммаға түсіріп отырған.
Видеоның жүктелмеуі әсерінен жүректің соғылу жиілігі 38%-ға артқан. Видеоның даусы дұрыс естілмегендіктен, оның күйзелісі арта түскен. Сол себепті адамның жүйке жүйесі мен жүрегі эмоционалды шиеліністің әсерінен өзін шамадан тыс сабырсыздық таныта бастаған.
Зерттеушілер кей адамдар 6 секунд ішінде күйзеліске түсетінін, ал кейбірі шыдамай жауып тастағанын, кейбірі видео жүктелгенге дейін басқа іспен шұғылданғанын байқаған.
Бұл адамдардың екінші тобы жақсы көрсеткішке ие болған, яғни олар алғашқыларға қарағанда сабырлы болған. Ал үшінші топ бұл әрекеттерін «мен бұл видеоны міндетті түрде көруім керек» деп түсіндірген. Сонымен, қортынды бойынша, швед зерттеушілері жайбасар интернетке бас ауыртып отырған аралықты алдай тұруға кеңес береді.