ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН КӨРІП ШЫҚТЫ
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы @erlan_qydyralyuly жылыту жүйелерін арнайы барып көрді. Алдымен аудан басшысы аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбековпен бірге Құмтиын ауылындағы №2 орта мектептің, мұнан соң Б.Тайшапұлы атындағы білім ордаларында болып, жылыту қазандықтарының жай-күйін назарға алды.
Қыс қатал сыншы екенін айтқан аудан басшысы білім ордалары мен әлеуметтік нысандар қыс мезгілінен қалыпта жағдайда өтуі керектігін сала басшыларына ескертті.