ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДЫҚ КЕРЕК

Қыстың қамын жазда ойла. Күн жылы, жер қара кезде қысқа дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн. Бұл орайда Таразда қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары көктемде басталып кеткен.

Бүгінде жылыту маусымына дайындық барысы қандай? Қандай жұмыстар жүргізілуде? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын алу мақсатында қала әкім Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен жиын өтті.

 

 

Жалпы қалада жылу беретін 56 қазандық бар. Оның 171-де негізгі қазандар орналасқан. Жылу қазандықтары негізінен табиғи газбен жылытылады. Бүгінгі күнге, қаладағы 1380 көппәтерлі тұрғын үйдің 1309 жылу жүйесіне толығымен қосылған. Қалған 71 барак типтес үй автономды түрде жылытылады. Қазіргі таңда жылыту маусымына 1084 көппәтерлі тұрғын үй дайын.

Жылыту маусымына жан-жақты дайындық керектігін ескерткен қала әкімі, жаңадан салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлерге заманауи есептеуш құралдар орнатуды және білім мекемелерінде жылыту маусымына дайындықты сапалы жүргізуді ескертті.

 

 

Бұдан бөлек, шаһар басшысы көпқабатты тұрғын үйлерде мүлік иелері бірлестіктері мен жеке серіктестіктерді құру, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбетін сырлау және мурал салу жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда, қалада 93 мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ) және 190 жеке серіктестік құрылды МИБ құру көрсеткіші бойынша Тараз қаласы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кейін үшінші орынға шықты. Сондай-ақ, жыл басынан демеушілер есебінен 7 көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне муралдар салынса, алдағы уақытта 8 8 көпқабатты тұрғын үйге салу жоспарлануда. Қазіргі таңда «Кен Байтас» ЖШС «Алатау» мөлтек ауданындағы үйге Жақсылық Үшкемпіровтың муралын салу жұмыстарын жүргізуде.

Қала әкімі тұрғын үйлердің қасбетін сырлау, мурал салу жұмыстарын уақытылы аяқтауды және мүлік иелері бірлестігін құру бойынша жұмыстарды жылдамдатуды тапсырды. Сондай-ақ, жүктелген міндеттерді сапалы орындамағаны үшін бірқатар мекеме басшыларына тәртіп жаза берді.