Жылжымалы көрме: «Қарттар халық қазынасы»

 «Бірлескен мұражайлар дирекциясы» МКҚК Сәкен Сейфуллин мұражайы құрылымдық бөлімшесі қызметкерлері 1 қазан Қарттар күніне орай «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мен қарттар үйіне С.Сейфуллиннің шығармашылығына арналған жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Қазақстанның өсіп — өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілейміз!