Зиялы қауым сіздер айтысып тартыссаңыздар қалған жұрт не істемек?

Жазушылар одағының сьезі у-шу болып өткенін БАҚ жазып-ақ жатыр. Өзім шығармашылық таланттарын қатты құрметтейтін ағаларымыздың Нурлан Оразалиннің ар-намысына тиетін ауыр сөздермен ғайбаттауы маған қатты әсер етті. Егер өткен ғасырдың 30-шы жылдарындай жүйе бола қалатындай болса осы бетке ұстайтын тұлғалардың барлығы дерлік атылып кеткен болар еді. Өткен қаралы тарихтан ұлт зиялысы үлгі алмаса қарапайым халықтан не сұраймыз?

Оразалин ағамызбен Сенат қабырғасында қызметтес болдық. Ұлт, тіл әсіресе шығармашылық ақын-жазушылардың көтеру мәселесін парламент қабырғасында көтеріп, оның дұрыс шешілуіне ықпал еткен сенатор болатын. Оның мәдениеттілігі, ұлтжандылығы, адамгершілік болмысы жүзінен көрініп тұратын. Ең бастысы, адам баласын жамандау мен сынап-мінеуден аулақ болатын. Өзін жөнсіз онды-солды сынап жүргендерге де бір ауыз сөз айтқанын естімедік. Зиялы қауым сіздер айтысып тартыссаңыздар қалған жұрт не істемек? Неге біз көрші жатқан өзбектерден, тәжіктерден үлгі алмаймыз? Осы біз ҰЛТ болып қалыптастық па, әлде әлі қалыптасу кезенінде жүрміз бе?

 

 

Адилбек Кабаның фейзбук парақшасынан