«Зұлымды құдай қарғаған» сөзінің мәнін түсінесің бе, Лимонов мырза!? (Памфлет)
«Ежелгі жау ел болмас, етектен кескен жең болмас, десе мәтелде, ежелгі жау ел болар, жеті атасына дейін жақсылық жолдан таймаса, о дүниеге барғанда көршімен араздар тамұқ отына күйерін ойласа, етектен кескен жең болар, ақылға келер жолды да көрсетуге тұра келеді. Десекте пенде аяғының астындағы алтынды көрмей есінен жаңылады, сосын жоқты іздеп сабылады. Ақылға негізделген сынды тыңдамай есерленіп қағынады. Соны сезгіш сұм-сұрқияның жолы болып тұрады. Әсіресе, саясаткерсымақтар ауызы жабылмай сөйлеп, аяғы талмай барар жерін көздеп елдер арасындағы ұрыс-қағыстың отын үрлеп, өзгенің байлығының етек-жеңін жинақылап, ұпайын түгендеуді мақсат тұтып, қайғы алатындай желігеді. Қырғын бастаудың жанды жерін тапқандай ойран ойына беріліп, көрегендей көрініп, мемлекетінің баға жетпес қазынасын толтыру, жерін кеңіту жолын нұсқағысы келетін «Другая Россия» партиясының төрағасы Эдуард Лимонов байбалам ниетімен Назарбаев биліктен кеткен соң Қазақстанның орыс қалалары Ресей құрамына өтуі керек, деп қақсап қалды. Оу, орыс елінің заңын білмейді екенсің деп көр. Әлемнің 90 мемлекетінде туып, өскен орыстар сол елдің азаматы атанады, делінсе, заңда орыстың туған жері Ресей мемлекетінікі деген сөз жоқ қой. Оны былай қойғанда ресей патшалығының басқыншылығы қырсығынан орыс жерінде қалған ежелгі қазақ жерлері Орынбор, Саратов, Орск, Члябі, Қорған, Омбы, Алтай, Түмен облыстарындағы 1,5 миллиондай қазақтардың көзін көлегөйлеп, тарихын тығып қоясың ба? Немесе, Қытайдағы миллионннан астам қазақтер ежелден мекендеген жерлерін, «Қазақстандікі, қосып аламыз» десе Қытай мемлекеті бұған қалай қарар еді. «Ақылдары ауысқан ба?» — деп күлер еді. Ондай ұлттар араздығын белгілі бір қоздырушы болса Қытай заңы сот үкімін шығарып жазалап тастайды. Үкім демекші, халықаралық сот әрбір мемлекет қалаларында халықтың 55-60 пайызы қандай ұлт болса, сол қала, небір аймақ соған тиесілідей заңдылықты өзгертпесе мемлекетаралық қырқысу, қантөгіс тоқтамасын көріп қалдық. Мысалы, Германияға миллиондаған босқын барды, олар жылдар өте келе Германия деген атауды өзгертіп жіберуі мүмкін ғой. Осындай заңсыздықты ойлап белден басқысы келген Лимонов: «Ал, назардан тыс, Қазақстанда қалып қойған орыс қалалары бізді қызықтырады. Оралдан бастап Өскеменге дейінгі орыс қалалары түгел Ресей құрамына өтуі керек!»-деп, бұйыра сөйлеп, қолдаушыларына қиыла сөйлеп, картаны сызып, мақсатын шегелеп қойғандай қожайынсып қоқаңдағанына жол болсын. Ойы шынайы орыс халқының абыройына кір келтіріп адамдық емес, тілейтіні жамандық, ниеті зұлымдық, дұшпандығы жойқын екенін Лимонов ашық білдірді. Қарапайым орыс халқын көрші отырған қазақтармен өштестіруді, патшалы Ресейдің қатын патшасы Екатерина Орынбор губернаторына жазған хатында: «Ресей жерін кеңейтуі үшін қазақтарды бірі-бірінің етін жеп, сүйегін далаға тастайтындай өшіктір. Бірақ, байқа, қазақ қалтасынан пышағын шығармасын, шығарса салады», — дегені еске түседі. Сақ бол Лимонов, Екатерина заманындағы қазақтармен бүгінгі қазақтарды салыстыра алмайсың. Құлдық қамытын біржола үзген, әлемдік картада белгілі жер көлемі бар, жұмыр жер халқы таныған еркін мемлекет, қандайда қарсыласының сазайын тарттыруға қабілеті жетеді. Оның үстінде жер бетінде 1,5 миллиардтай мұсылман бар екені, тосын
төнген жаугершіліктен құтқара алады. Шүкір, туыстық күйреуден аман. Ел мен жерді қасқырша талауға тойтарыс бере алады Лимонов жолдас! Зәлім оймен лепірген Лимоновтың орыс қалалары дегені орыстың ұлы тұлғаларының есімін көшелерге, қалаларға әлем елдері беріп құрметтегенін көпсінуі ме, кімнің кім екенін білмей тепсінуі ме? Оның шованистік пікірі орыс ұлтына кесірін тигізіп Украинада орыстың ұлы тұлғаларының атындағы көшелері мен тас мүсіндерін қиратып жатқанын көріп, біреудің қатыгез қатесі келешекті, тарихты жойып ойрандатады екен-ау деп ақылдылар түсінбейді деймісің. Өкініп күрсінбей ме? Лимонов өкінбек түгелі Украинаға тоғыз облысты қалдырып, Польша, Румыния, Славакияға жерін бөліп беріп: «Біз орыстар, тек қана орыстілділер мекен еткен жерін аламыз, Харков, Одесса, Запорожия, Херсон, Николаев облыстары, Азов теңізі Орыс теңізі атанады, — деп сайрағанын, өшіктіруге өрт салғанын Украина халықаралық сотқа берсе не бетін айтар еді?. Дені дұрыс адам КСРО аумағындағы бұрынғы елдерді өз меншігіндей көруді тоқтату керек. Шованистік дертпен ұшынғандық тежеу таптырмай ар-ұятты жиып қойып, ежелгі басқыншылық үрейлі бұғауын аңсап, тілін безеп желпініп тұрады екен. Әлемдік кеменгер Ленин орыс шованистерін ең қауіпті адамдар дегені қандай көрегендік. Кейде жұрт дуасыз ауызға, сылдыраған сөз бітеді, шақшадай басына өшті-қасты көз бітеді, есебінен жаңылған берекетсізге бола шаршама, «ит үреді керуен көшеді» деуі де мүмкін. Жоқ, ақпарат майданындағы қақтығыс, соғыстың өршуі сүреңсіз ой, бірді-бірге өшіктіруден басталатынын әлем халқы түсінді. Сондықтан ұшынғанда ұят жоқ деп оларға жеңілжелпі қарамай, әлемдік сотпен жазалайтын кезең туды. Қазақтың «іріген ауыздан, шіріген сөз шығады», дегеніндей білгішсінген, алдағыны болжағышсыған Лимонов пейілі тарылып, ертеңінен жаңылып, қаскөй ойы ашылып, басқыншылық пікірі тасынып: «Қазақстанда қазір 4 миллионнан астам орыс тұрады. (үш миллионнан аспайтынын айтпайды Т.Қ). Қазақ халқының әкесі, біз үшін аса құрметті Нұрсұлтан Назарбаев дүниеден өткен соң, Қазақстанда элита бір-бірімен соғысады.( 1986 жылғы қызыл империя үстемдігіне қарсы көтерілістің мәнін білмейді екен. Т.Қ.) Сол кезде орыс қалаларында жергілікті референдумалар өткізіп, оларды Ресейге қосатын тамаша мүмкіндік туады» — деп Лимонов Қырымды реферандуммен тез игеріп алғанын алға тартады. (Қазақстанда реферандум ешқашанда болмайды). Лимоновтың әлгі арамза тәсілі дәндеген қарсақ құлағымен ін қазадының кері ме, сайрағаны сақтануға жақсы болды. Қалың халықты арбай алмайтыныңды енді түсіндің бе, Лимонов жолдас. Лимонов, аңсағаның өштік болса, оныңыз тұтас орыс халқының беделіне дақ салып, орысты көрсе өзгенің күле қарауына соқтырды. Қазақта «біреуге ор қазба, өзің түсесің», дегені жаратқанның үкімі деп ұқ Лимонов жолдас. Бір аңызда: «Ағашқа құдайын керіп жатқанда, құдайдың жаны тыныш тұрмаңдар» деп үзіліпті деседі. Қазақта «Зұлымды Құдай қарғаған» деген сөздің ауырлығын түсінерсің бе, Лимонов жолдас… әй, қайдан.. Р.S: Ассамблея Думада заң қабылдатуға ұйытқы болғаны жөн болар еді.
Табыл Құлыяс, сатирик жазушы